ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТЫ

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТЫ


Осы Қызмет көрсету Шарты (бұдан әрі – «Шарт» немесе «осы Шарт») қосылу Шарты болып табылады, оны бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын «Jusan Mart» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (қысқаша атауы – «JMart» ЖШС) және бұдан әрі «Оқытылушы» деп аталатын кез келген жеке тұлға Шартпен көзделген тәртіп пен шарттарға сәйкес, бұдан әрі бірге «Тараптар» деп, ал жеке-жеке «Тарап» деп немесе жоғарыда көрсетілгендей түрде аталумен, осы Шартқа қосылған Тараптардың міндеттемелерін және Тараптардың Орындаушының ақылы түрде келесі бағыттар бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында Jusan Singularity курстарына онлайн қатысу мүмкіндігін ұсыну арқылы қызмет көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау шарттары мен тәртібін белгілеу мақсатында жасасуда: бағдарламалық қамтудыдың архитектурасы және оларды әкімгерлеу, желілік жүйелердің архитектурасы және оларды әкімгерлеу, ақпараттық жүйелерді жобалау және әзірлеу, заттар интернеті саласындағы шешімдердің архитектурасы және оларды жобалау, бағдарламалық және аппараттық платформаларға негізделген шешімдерді әзірлеу, операциялық жүйелерді әзірлеу, веб қосымшаларды әзірлеу, алгоритмдер (жасанды интеллект, криптография және басқасы), үлкен деректерді талдау және олармен жұмыс істеу, ұялы қосымшаларды әзірлеу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қауіпсіздік, интерактивті 3D-қосымшаларды, виртуальді және толықтырылған шынайылық қосымшаларын әзірлеу, бейнеойындардың әзірлеу, программалау тілдері.
Осы Шарттың мәтінін Орындаушы Интернет желісінде мына мекенжай бойынша жайғастырады: singularity.camp/agreement.
Тараптар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабына сүйенумен төмендегідей уағдаластық жасасты:



1. Терминдер мен анықтамалар

Шартта қолданылған ұғымдар төмендегідей мағынаны білдіреді:
Тіркелген мекенжайлар – әр Тараптың электронды пошта мекенжайлары.
Орындаушының тіркелген мекенжайы: singularity@jmart.kz. Оқытылушының Өтінішінде көрсетілген электронды пошта мекенжайы Оқытылушының тіркелген мекенжайы болып табылады.
Динамикалық сәйкестендіру - Оқытылушының жеке басын Оқытылушы бір жолғы кодты қолдануы (байланыс құралын қолданумен жіберу) арқылы анықтау (растау) рәсімі.
Өтініш – Оқытылушының Шартқа қосылуы туралы Орындаушының нысаны бойынша толтырылған, өзіне Оқытылушының қолы қойылған құжат.
Орындаушы – «Jusan Mart» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (қысқаша атауы – «JMart» ЖШС), БСН 180340028645, орналасқан жері: Алматы қ., Медеу ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 36-үй.
Курс – Орындаушының сайтында Модульдердің белгілі бір жиынымен көрсетілген, өздері жайлы ақпарат Орындаушының Сайтында ұсынылған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы келесі бағыттар бойынша оқыту (практикалық дағдыларын арттыру) бағыты: бағдарламалық қамтудың архитектурасы және оларды әкімгерлеу, желілік жүйелердің архитектурасы және оларды әкімгерлеу, ақпараттық жүйелерді жобалау және әзірлеу, заттар интернеті саласындағы шешімдердің архитектурасы және оларды жобалау, бағдарламалық және аппараттық платформаларға негізделген шешімдерді әзірлеу, операциялық жүйелерді әзірлеу, веб қосымшаларды әзірлеу, алгоритмдер (жасанды интеллект, криптография және басқасы), үлкен деректерді талдау және олармен жұмыс істеу, ұялы қосымшаларды әзірлеу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қауіпсіздік, интерактивті 3D-қосымшаларды, виртуальді және толықтырылған шынайылық қосымшаларын әзірлеу, бейнеойындардың әзірлеу, программалау тілдері.
Модуль – Курс шеңберінде белгілі бір тақырып бойынша біріктірілген оқытушылық мәтіндердің, аудиовизуалды материалдар мен практикалық міндеттердің жиыны.
Оқытылушы – Өтінішке қол қою арқылы осы Шартқа қосылған кез келген жеке тұлға.
Орындаушының Сайты – Оқытылушылар үшін Интернет желісінде singularity.camp мекенжайы бойынша қолжетімді сайт
Өзіндік практикалық тапсырмалар – Оқытылушының өз бетімен орындауына арналған Сайтта берілген практикалық тапсырмалар.
Оқыту мерзімі – Курсқа қатынау мүмкіндігін ұсынудың мерзімі 180 (жүз сексен) күнтізбелік күнді құрайды.
Оқытудың бағасы – Орындаушының Сайтында көрсетілген Курстың бағасы.
Тараптар – Орындаушы мен Оқытылушыны бірге атау.
Көрсетілетін қызмет – Орындаушының Оқытылушыға Оқытылушының таңдаған Курсына сәйкес ұсынып отырған қызметі.
Оқытылушылық платформа - Орындаушы өзінің көмегімен оқытуды жүзеге асыратын Stepik.org онлайн-курстарының білім беру платформасы мен құрастырушысы, сондай-ақ Орындаушы өздерінің көмегімен қызмет көрсететін, Github, Gitlab, Telegram, Google Classroom, Discord арналарында жайғастырылған оқу материалдары.


Бұл бөлімде өздеріне анықтама берілмеген терминдер оларға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің қолданыстағы редакциясында және Қазақстан Республикасының одан өзге нормативтік-құқықтық актілерінде берілген мағынаға ие болады.


2. Шартқа қосылу тәртібі

2.1. Шарт Оқытылушының Өтініштің қағаз бетіндегі нұсқасына немесе электронды түріндегі нұсқасына электронды цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі «ЭЦҚ») қолданумен немесе Динамикалық сәйкестендіру арқылы қол қойған сәтінен бастап жасасқан болып саналады. Оқытылушы Өтінішке қол қою арқылы Шартпен белгіленген барлық шарттар мен міндеттемелерді қабылдайды, Шартпен, Оқудың бағасымен танысқанын және онымен келісетіндігін растайды. Оқытылушының қолы қойылған Өтініш Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Оқытылушы Шарттың шарттарын ұсынылған Шартқа Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабына сәйкес толығымен қосылу арқылы ғана қабылдай алады.
2.2. Өтініштің күні Шарттың күні болып табылады.
2.3. Оқытылушының Өтініші Орындаушы Оқытылушыға кейінгісінің таңдаған Курсына сәйкес түрлі Модульдарға қатынау мүмкіндігін ұсынған сәттен бастап Орындаушымен акцептелген болып саналады. Орындаушы Оқытылушыға қатынау мүмкіндігін Оқытылушы Өтінішке қол қойып және Оқудың ақшасын төлегеннен кейін ұсынады. Оқытылушыға оның таңдаған Курсына сәйкес түрлі Модульдарға қатынау мүмкіндігі ұсынылған күннен бастап Оқу мерзімі басталады.
2.4. Оқытылушының Өтінішке қол қоюы мынаны білдіреді:
2.4.1. оның Шарттың шарттарын оқып, оларды түсініп және толық көлемде, ешқандай ескертусіз және қарсылықсыз қабылдағанын;
2.4.2. Шартта Оқытылушының өзінің қисынды түрде түсінілетін мүдделеріне сүйенумен қабылдамауы мүмкін болатын оған ауыртпалық салатын қандай да бір шарттар қамтылмаған;
2.4.3. Оқытылушының оның Шартқа қолтаңбасының қойылмауына оның Шартты оқымауының/түсінбеуінің/қабылдамауының дәлелі ретінде сілтеме жасап отыруға құқы жоқ;
2.4.4. Шарттың барлық шарттары Оқытылушының мүддесі мен ерік білдіруіне толығымен сәйкес келеді;
2.4.5. Шартты жасасу және оның шарттарын орындау Қазақстан Республикасы заңнамасының кез келген ережесінің және/немесе Оқытылушыға қатысты қолданылып отырған заңнаманың кез келген ережесін бұзбайды және бұзылуына әкеп соқтырмайды;
2.4.6. Оқытылушы өзі таңдаған Курс бойынша оқыту бағдарламасымен танысқанын растайды.
2.5. Шартқа қосылған тұлға Шарттың қандай да бір шарттарымен келіспеген жағдайда мұндай тұлғаның Орындаушының Сайтын қолдануға құқы болмайды. Егер Орындаушы Шартқа өзі көздеген тәртіппен қандай да бір өзгертулер енгізіп және олармен Шартқа қосылған тұлға келіспеген болса, мұндай тұлға Орындаушының Қызметтерін және Орындаушының Сайтын пайдалануды тоқтатуға міндетті болады.


3. Шарттың тақырыбы

3.1. Шарттың тақырыбы – Орындаушының Оқытылушыға Шартпен көзделген тәртіп пен шарттарға сәйкес Қызмет көрсетуі.
3.2. Курстың сипаттамасы, сондай-ақ Оқудың толық бағасы, төлем жүргізудің тәртібі мен әдістері Орындаушының Сайтында көрсетілген.
3.3. Оқытылушы Өтінішке қол қойып және Оқудың ақшасын төлегеннен кейін Орындаушы Оқытылушыға Курстан өту мүмкіндігін ұсынады.
3.4. Орындаушы Оқытылушыға Оқу мерзімі бойы Курс бағдарламасына сәйкес түрлі Модульдерге қатынау мүмкіндігін ұсынады. Орындаушы Курстың Модульдеріне кезең-кезең бойынша қатынау мүмкіндігін ұсынуға құқылы.
3.5. Оқудың ақшасы Шарттың 6.2 тармағына сәйкес төленеді.
3.6. Қызмет көрсету Оқудың мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған деп саналады.



4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

4.1. Оқытылушының құқықтары:
4.1.1. Орындаушының Қызмет көрсету шарттары туралы ақпаратты және Көрсетілетін қызметтерге қатысты өзге түрдегі ақпаратты Орындаушының Сайтында көрсетілген әдістермен алып отыру. Сұрақтар туындаған жағдайда Тіркелген мекенжай бойынша Орындаушының қолдау қызметіне хабарласу;
4.1.2. Оқытылушының Сайтта таңдаған Курсына сәйкес Қызмет алу;
4.1.3. Орындаушыға Курстың жұмысымен байланысты ескертулерді, ұсыныстарды және/немесе пікірлерді жіберіп отыру;
4.1.4. Оқытылушының оған Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұсынылып отырған өзге құқықтарын жүзеге асыру.
4.2. Оқытылушының міндеттері:
4.2.1. Курсқа қатынау мүмкіндігін тек қана жеке өзінің қарауы үшін, коммерциялық емес мақсатта пайдаланып отыру;
4.2.2. Оқу материалдарын Шартқа сәйкес тек өз бетінше оқу мақсатында ғана пайдаланып отыру, оқу матералдарын көшірмеу, оларды үшінші тұлғаларға бермеу;
4.2.3. Өтінішті толтырған кезде Орындаушыға Оқытылушының аты-жөні мен телефон нөмірін қамтитын, сондай-ақ өзінің тізбесі Өтініште көрсетілген өзге түрдегі қажетті ақпаратты ұсыну. Оқытылушы Өтінішті толтырған кезде өздерінің дұрыстығына көз жеткізбеген жағдайда Оқытылушының Орындаушы туралы дұрыс емес түрде ұсынған деректері үшін Орындаушыға ешқандай шағымданбайтынын мойындайды;
4.2.4. Оқытылушы таңдаған Курс шеңберіндегі Өзіндік практикалық тапсырмаларды тиісті Модульмен көзделген мерзім мен тәртіппен өз бетінше орындап отыру;
4.2.5. Оқытылушы таңдаған Курс шеңберіндегі Өзіндік практикалық тапсырмаларды орындау кезінде басқа Оқытылушылар орындаған практикалық тапсырмаларды және/немесе орындаған практикалық тапсырмалардың бөлімдерін пайдаланбау;
4.2.6. Оқу кезінде кез келген тұлғаларға қатысты әдептік және этикалық іс-қимылды, сонымен бірге және өздерімен шектелусіз келесі шарттарды ұстанып отыру: нормативтік емес лексиканы пайдаланбау, біреудің намысын қорламау, кез келген негіздемелермен кемсітуші сөздер айтпау, кез келген тұлғаларға қатысты заңға қайшы және моральға жат іс-әрекеттерді жасамау;
4.2.7. Оқыту курсы басталған сәтке дейін Сайтта көрсетілген Оқудың ақшасын Шартпен көзделген тәртіппен төлеу;
4.2.8. Jusan Singularity компаниясындағы Оқытылушылардың ішкі күн тәртібін және Орындаушының оның Қызмет көрсету процесін реттейтін өзге ішкі құжаттарын ұстанып отыру.
4.3. Орындаушының құқықтары:
4.3.1. Оқытылушыдан Орындаушыға кейінгісінің Қызмет көрсетуі үшін қажетті ақпаратты ұсынуын, сондай-ақ Оқудың ақшасын Шартта баяндалған тәртіп пен шарттарға сәйкес төлеуін талап ету;
4.3.2. Орындаушының Сайтында тиісті ақпаратты жариялаумен Оқудың бағасын біржақты тәртіппен және кез келген уақытта белгілеп және/немесе өзгертіп отыру;
4.3.3. Оқытылушы Шарттың, сондай-ақ Шарттың 4.2.8 тармағында көрсетілген Орындаушының кез келген ішкі құжаттарының/қағидаларының шартын бұзған жағдайда Оқытылушыға Қызмет көрсетуден бас тарту;
4.3.4. Оқытылушы Шартты бұзған жағдайда Оқытылушы үшін Курстың оқу материалдарын пайдалану мүмкіндігін шектеу;
4.3.5. Курстың оқу бағдарламасына, Курстардың тізбесіне өзгертулер енгізіп отыру. Мұндай өзгертулер енгізілген жағдайда Орындаушы бұл туралы Оқытылушыны қандай да бір түрде хабардар етіп отыруға міндетті болмайды. Оқытылушы өзгерістерді Орындаушының Сайтында өз бетінше қадағалап отыратынымен келіседі;
4.3.6. Сайтта өзгертулерді/толықтыруларды, жаңадан редакцияланған Шартты жайғастыру арқылы Шарттың кез келген шарттарын біржақты тәртіппен өзгертіп отыру. Мұндай өзгерістер / толықтырулар, жаңадан редакцияланған Шарт, егер Шартпен басқасы көзделмесе, олар жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
4.4. Орындаушының міндеттері
4.4.1. Оқытылушыға оның Шартқа сәйкес таңдаған Курсы бойынша Қызмет көрсету;
4.4.2. Оқытылушыға оның сұратуы бойынша Орындаушының Қызмет көрсету шарттары туралы ақпаратты ұсынып отыру;
4.4.3. Оқытылушы таңдаған Курстың бекітілген оқу жоспарына сәйкес оқытуды жүргізу;
4.4.4. Оқытылушы Курс материалдарын сәтті түрде өтіп және емтиханды сәтті түрде тапсырған жағдайда оқудан өтуін растайтын Курстарды тәмамдағаны туралы сертификат беру.


5. 1. Дербес деректер

5.1. Оқытылушы оның осы Шартқа қосылу фактісі оның Орындаушыға төмендегідей іс-қимылдарды жасауға келісім беруін білдіретінімен келісіп және оны растайды:
5.1.1. Автоматтандырылған түрде, сондай-ақ автоматтандырылмаған түрде дербес деректерді жинау мен өңдеуге; кез келген мәліметтер мен ақпаратты сұратуы мен алуына, сондай-ақ өзінде оларды жинау, өңдеу және тарату қажеттігі туындаған/орын алып отырған басқа жағдайларда;
5.1.2. Орындаушының ресми заңды ақпарат көздеріне, сонымен бірге уәкілетті органдардың мемлекеттік ақпарат көздеріне, Орындаушының ақпаратты кез келген мүмкін болатын, жария ақпарат көздеріне уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми сайттарынан (Қазақстан Республикасының Электронды үкіметінің порталы/Электронды лицензияландыру және басқа да ресми ақпарат көздері), басқа ұйымдар мен тұлғаларға, Сәйкестендіру деректерін өңдеу орталығы мен дербес деректерді алуға/ұсынуға құқы бар өзге ұйымдарға/мекемелерге дербес деректерді ұсынуына/тапсыруына және олардан алуына.
5.2. Дербес деректерді жинау, өңдеу және тарату сонымен бірге келесі мақсаттарда жүзеге асырылады:
5.2.1. Оқытылушының оқудан өту туралы өтінішін қарастыру үшін;
5.2.2. Орындаушының осы Шарттың шарттарына сәйкес ұсынылатын Қызметтерін ұсыну үшін;
5.2.3. Осы Шарт бойынша міндеттемелер бұзылған жағдайда, сондай-ақ даулы жағдайлар, сонымен бірге үшінші тұлғалармен арада даулы жағдайлар туындаған жағдайда Орындаушының құқығын сотта және соттан тыс тәртіппен қорғау үшін;
5.2.4. жария (анықталған) деректер мен мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын ұстанумен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін;
5.2.5. ақпаратпен алмасу үшін, сонымен бірге Оқытылушының (және/немесе үшінші тұлғалардың) жүгінулерін, шағымдарын, ұсыныстарын, ұсынымдарын, наразылықтарын, тапсырмаларын және т.б. қарастыру және/немесе олар бойынша есеп беру үшін, Оқытылушының атына (Оқытылушы өзінің өкілі болып табылатын тұлғаның атына) хаттарды (поштаны) курьердің, курьерлік қызметтің, жедел поштаның қызметтерін пайдаланумен жөнелту (жеткізу)/алу үшін тапсыру (алу) үшін;
5.2.6. маркетингілік мақсаттарға арнап, науқандарды жүргізу, Оқытылушыға Орындаушының өнімдері және/немесе қызметтері туралы кез келген ақпараттық материалдарды, сондай-ақ өзге түрдегі хабарламаларды телефондық, факсимильдік байланыс, өзге байланыс түрлері арқылы, сондай-ақ ашық байланыс арналары арқылы (сонымен бірге SМS, email, факс, әлеуметтік желілер, push-хабарламалар және т.с.с. арқылы) ұсыну (жөнелту);
5.2.7. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген (белгіленуі мүмкін) өзге мақсаттармен.
5.3. Осы арқылы Оқытылушы төмендегілерді растайды:
5.3.1. Орындаушы Оқытылушыны дербес деректерінің Заңға қайшы келмейтін әдістермен қорғалатыны туралы хабардар еткенін
5.3.2. Орындаушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған берешегін өндіріп алу бойынша кез келген шараларды орындау мақсатында Оқытылушының дербес деректерін оның келісімін алмастан жинап және өңдеп отыруға құқылы;
5.3.3. Орындаушы Оқытылушының дербес деректерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына және халықаралық құқық талаптарын (халықаралық Шарттардың талаптарын) ескерумен жинап (алып) және өңдеп отыруға, сондай-ақ оларды үшінші тұлғаларға ұсынуға (сонымен бірге трансшекаралық ұсынуға)/дербес деректерді жалпыға қолжетімді ақпарат көздерінде таратып отыруға құқылы;
5.3.4. Орындаушыға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Оқытылушының дербес деректерімен кез келген түрдегі сонымен бірге автоматтандыру құралдарын қолданумен немесе оларды қолданусыз іс-қимылды (операцияны) немесе осындай іс-қимылдардың (операциялардың) жиынтығын, сонымен бірге, алайда өздерімен шектелмейтін жинау, өңдеу, жазу, көшіру, резервтік көшіру, қорғау, скрининг, жүйеге келтіру, жинау, Орындаушы дерекқорының ішінде және одан тысқары жерлерде (қауіпсіздік және құпиялылық талаптарын ұстанумен) сақтау, нақтылау (өзгерту, жаңарту), шығарып алу, қолдану, ұсыну (тарату, қатынау мүмкіндігін ұсыну, сонымен бірге үшінші тұлғаларға Оқытылушының дербес деректерін өңдеу құқығымен беру, сонымен бірге трансшекаралық беру), дарасыздандыру, бұғаттау, өшіру, жою, сонымен бірге егер бұл Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына кереғар болмаса, осы іс-қимылдарды Орындаушының тапсырмасы бойынша үшінші тұлғаның жүзеге асыру құқығын ұсынады;
5.3.5. Шарт үшінші тұлғаларға Оқытылушының дербес деректерді жинауға, өңдеуге және таратуға келісім беруінің дәлелі ретінде ұсынылып отыруы мүмкін.



6. Оқудың ақысын төлеу

6.1. Оқудың ақысы Сайтта көрсетіледі.
6.2. Оқытылушы Оқудың ақысын Сайтта көрсетілген әдістермен қолма-қол ақшасыз түрде төлейді.
6.2.1. Оқудың ақысы оқудың басталу уақытына дейін бүкіл Курс үшін 100% көлемінде төленеді;
6.2.2. Оқытылушы үшін Оқудың ақысын үшінші тұлға төлеуі мүмкін, бұл жағдайда бұл туралы ақпарат Өтініште көрсетіледі.
6.3. Орындаушы Оқудың мерзімі аяқталғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде электронды құжат айналымы жүйесі арқылы электронды форматта немесе қағаз бетінде (Орындаушының ұйғарымы бойынша) Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсынады. Оқытылушы оны алған күннен бастап 3 (үш) күн ішінде электронды құжат айналымы жүйесіндегі Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісіне қол қоюға; немесе Орындаушы Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін қағаз бетінде ұсынған жағдайда оған қол қойып және өзінің қолы қойылып сканерленген Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін оны алған күннен бастап 3 (үш) күн ішінде Орындаушының электронды мекенжайына жіберуге, сонымен бірге Орындаушыға қол қойылған құжаттардың түпнұсқаларын оларды алған күннен бастап 10 (он) күннен кешіктірмей тапсырыс хатымен немесе курьер арқылы жіберуге міндетті. Егер Оқытылушы аталған мерзім ішінде Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісіне қол қоймаса немесе Орындаушыға Актінің қол қойылған данасын немесе ұсынылған Қызметтерді қабылдаудан бас тартудың себебі көрсетілген бас тарту туралы хатын жолдамаса, Тараптардың Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісіне қол қойған-қоймағанына байланыссыз Орындаушының Қызметтері Орындаушымен толық көлемде ұсынылған деп және Оқытылушымен аталған мерзімнің соңғы күні қабылданған деп саналады.



7. Ақшаны қайтарудың тәртібі

7.1. Оқытылушы сатып алған Курс үшін ақшалай қаражаттар тек Шартпен айқындалған тәртіп пен шарттарға сәйкес қайтарылуы мүмкін.
7.2. Оқытылушы Орындаушыны Курстан бас тарту көзделіп отырған күннен 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын оның singularity@jmart.kz электронды пошта мекенжайына тиісті хабарлама жіберумен жазбаша түрде ескертумен Курстан бас тартуға құқылы.
7.3. Оқытылушыға ақшалай қаражаттар келесі жағдайларда қайтарылуы мүмкін:
7.3.1. Қызмет Орындаушының кінәсінен белгіленген мерзімде көрсетілмеген жағдайда;
7.3.2. Оқытылушы Қызмет көрсету басталмай тұрып Шартты бұзу және ақшаны қайтару туралы хабарлама жіберген жағдайда.
7.4. Оқытылушы төлеген ақшалай қаражатты Орындаушы Оқытылушының Орындаушының singularity@jmart.kz электронды пошта мекенжайына жіберген жазбаша өтінішінің негізінде, артынан өтініштің түпнұсқасын Қазақстан, Астана қ., Родниковая көшесі, 1/1, 305-каб. пошталық мекенжайына жібергеннен кейін толығымен немесе жартылай түрде қайтарып береді.
7.4.1. Егер Оқытылушы Курстан Курстың ақшасын төлеген сәттен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде бас тартып отырған болса, Оқытылушы Оқудың ақысын несиелік қаражаттарды қолданумен төлеу шарттары бойынша төлеген жағдайларды санамағанда, Орындаушы Оқытылушыға төленген соманың 100%-ын қайтарып береді. Егер Курстың ақысы несиелік қаражаттарды тартумен төленген болса, Орындаушы ақшалай қаражаттарды серіктес-банктің атына қайтарады, бұл жағдайда серіктес-банктің Орындаушыдан ұстап қалған комиссия сомалары шегеріледі. Орындаушы Оқытылушының серіктес-банкімен жасасқан Шартына сәйкес серіктес-банкіге төлеуге жататын ақшалай қаражаттарды пайдаланғаны үшін қосып есептелген пайыздардың сомасын төлеу жауапкершілігін арқаламайды және оны Оқытылушыға өтемейді.
7.4.2. Білім алушы Курстың ақысын төлеу сәтінен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде Курстан бас тартқан жағдайда, төлемақы кредиттік қаражаттарды қолданумен жүргізілген жағдайды санамағанда, Орындаушы Білім алушының төлеген сомасын осы Шарттың №1 қосымшасының талаптарына сәйкес қайтарып береді. Егер Курстың ақысы несиелік қаражаттарды тартумен төленген болса, Орындаушы ақшалай қаражаттарды ұсынылмаған Қызмет көрсетулерге пропорционал түрде серіктес-банктің атына қайтарады, бұл жағдайда серіктес-банктің Орындаушыдан ұстап қалған комиссия сомалары шегеріледі. Орындаушы Оқытылушының серіктес-банкімен жасасқан Шартына сәйкес серіктес-банкіге төлеуге жататын ақшалай қаражаттарды пайдаланғаны үшін қосып есептелген пайыздардың сомасын төлеу жауапкершілігін арқаламайды және оны Оқытылушыға өтемейді.
7.4.3. Біржақты пайымдау мақсатында: ақысы несиелік қаражаттарды (банкілік өнімдерді – тұтынушылық несиелерді, бөліп төлеулерді және т.б.) пайдаланумен төленген Қызмет көрсетулерден бас тартқан жағдайда қайтаруға жататын сома және Орындаушының шығындары Орындаушының банкіден Оқытылушыға ұсынылып отырған Қызмет көрсетулердің ақысы ретінде алған ақшалай сомаға қатысты есептеледі.
7.4.4. Орындаушының ақшалай қаражатты қайтару мерзімі Оқытылушы Орындаушының сұратылған ақшаны қайтаруы үшін қажет болатын құжаттар уақытында және толық ұсынған деген шартпен Оқытылушының Шарттың 7.4 тармағымен көзделген тәртіппен жіберілген Курстан бас тарту туралы хабарламасын алған сәтінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күнді құрайды.
7.5. Білім алушы Курстан бас тартқан жағдайда Орындаушы оның осы Шартты орындау және жүргізілген төлемдердің әрқайсысын өңдеу үшін қажет болған іс-жүзінде арқалаған шығындарын шегеріп қалуға құқылы. Орындаушы төмендегідей шығындарды арқалауы, алайда олармен шектелмеуі мүмкін:
• Білім алушыны Орындаушының білім беру Платформасына қосу;
• Білім алушыны білім беру ақпаратын сақтау жүйесіне қосу;
• оқу бағдарламасын қалыптастыру, соның ішінде сырттан әдіскер-мамандарды тарта отырып;
• Білім алушының үй жұмыстарын тексеру және Орындаушының өзге шығындары.
Орындаушының Шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты, іс-жүзінде арқалаған шығындары Орындаушының деректері мен әдіснамасына негізделе отырып есептеледі және нақты Білім алушының Орындаушының көрсеткен қызметі үшін төлеген құнымен ақшалай түрде өрнектеледі.
Көрсетілген қызметтердің атауын және сандық көрсеткіштерінің тізбесін, атап айтқанда көлемін, көрсетілу кезеңін, оқудың Құнын Орындаушы өзіндегі деректері мен әдіснамасының негізінде өз бетінше анықтап және есептейді. Тараптар Орындаушының өзіндегі деректерді көрсетілген қызметтердің сандық көрсеткіштерін, көлемін, кезеңін, құнын, сондай-ақ өзге сипаттамаларын белгілейтін жалғыз шүбәсіз деректердің көзі депе қабылдайды.
7.6. Оқытылушы үшін Курсқа қатынау мүмкіндігі Орындаушының Оқытылушының ақшалай қаражаттарды қайтару туралы өтінішін алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде тоқтатылады.



8. Шарттың күшін сақтау мерзімі, Шартқа өзгертулер енгізу

8.1. Орындаушы Шарттың мәтініне өзгерту енгізуге құқылы. Мұндай өзгертулер, егер Шартта өзгесі көзделмесе, https://singularity.camp/agreement сайтында уақытында жарияланып және сол жерде көпшілік үшін қолжетімді болып отырады. Шарттың мәтініне өзгерту енгізген жағдайда Орындаушы бұл туралы Оқытылушыларға қосымша хабарлап отыруға міндетті болмайды. Орындаушы сондай-ақ Орындаушының Сайтында жарияланған Курстардың бағдарламасына өзгертулер енгізіп отыруға, сондай-ақ Курстардың тізімін өзгертіп отыруға құқылы.
8.2. Оқытылушының Орындаушының Шарттың мәтініне және/немесе Курстың бағдарламасына өзгертулер енгізуінен кейін Орындаушы ұсынған және Орындаушының сайтында жарияланған Курстардың шеңберінде оқуын жалғастыруы Оқытылушының Курс бағдарламасының және/немесе Шарттың өзгергенімен келісетіндігін білдіреді.
8.3. Оқытылушы Шарттың шарттарын бұзған жағдайда және Орындаушы Шарттың 4.2 тармағымен көзделген өз міндеттерін орындамаған және/немесе бұзған жағдайда Орындаушы Оқытылушыны Шартты бұзу көзделіп отырған күннен 5 (бес) жұмыс күні ішінде ескертумен Оқытылушымен арадағы Шартты кез келген уақытта біржақты соттан тыс тәртіппен бұзуға құқылы.



9. Тараптардың жауапкершілігі және дауларды шешу тәртібі

9.1. Тараптар Шарттың шарттарын орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін көзделген жауапкершіліктен, егер мұндай жағдай Тараптардың жігеріне бағынбайтын және олар өздерінің алдын-ала алмаған, айналып кете алмаған немесе болжай алмаған дүлей күш жағдайларына байланысты туындаған болса, босатылады.
9.2. Оқытылушы оның дұрыс емес немесе қасақана түрде жалған ақпаратты ұсынуының нәтижесінде туындаған зардаптар үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйес жауапкершілікте болады және осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде өзге тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылғаны үшін жауапты болады. Оқытылушы ол Орындаушыға дұрыс емес немесе қасақана түрде жалған ақпаратты ұсынған жағдайда Орындаушы Оқытылушы Оқудың ақысын төлеген жағдайдың өзінде Оқытылушыға Қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы болатынымен келіседі.
9.3. Орындаушы оқудың Оқытылушының үміттенулеріне және/немесе оның субъективті бағасына сәйкес келмегені үшін жауапты болмайды.
9.4. Тараптардың арасында туындап отырған балық даулар мен келіспеушіліктер шағымдану тәртібімен шешіліп отыратын болады. Шағым Орындаушыға оның Шартта көрсетілген мекенжайы бойынша қойылып отырған талаптарды негіздейтін құжаттарды қоса тіркеумен жазбаша түрде, даудың себебі туындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылуы тиіс. Орындаушы келіп түскен шағымды ол түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарастырады.
9.5. Даулы мәселелер шағымдану тәртібімен реттелмеген жағдайда Шарт бойынша немесе онымен байланысты даулардың барлығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Орындаушының орналасқан жеріндегі сотта қарастырылуы тиіс.
Қалай болғанда да Орындаушының Шартты орындамауымен/тиісті түрде орындамауымен байланысты залалдарды өтеу кезіндегі жауапкершілігінің мөлшері Оқудың ақшасынан аспауы тиіс.


10. Қорытынды ережелер

10.1. Егер Шарттың қандай да бір ережесі оның Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына кереғар болуына немесе аталған заңнамаға өзгертулердің енгізілуіне байланысты жарамсыз болып отырса, бұл Шарттың қалған ережелерінің күшін тоқтатуға негіздеме болып табылмайды.
10.2. Тараптар Шарттың 11-бөлімінде және Өтініште көрсетілген мекенжайы, электронды пошта мекенжайы, телефон нөмірлері, заңды мәртебесі мен банкілік деректемелері өзгерген жағдайда бір-бірін мұндай өзгерістердің орын алған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша ескертіп отыруға міндетті. Мұндай хабарлама алынған сәтке дейін Тараптардың бұрынғы деректемелер бойынша жүзеге асырылған барлық іс-қимылдары тиісті түрде орындалған болып саналады. Мұндай өзгертулер туралы хабарламалар Тіркелген мекенжайлар бойынша электронды хабарлама түрінде, хабарламаның тиісті Тараптың қолы қойылған сканерленген көшірмесін қоса берумен жіберілуі мүмкін немесе қол қойылған хабарламаның түпнұсқасын тапсырыстық поштамен жіберумен немесе оны қолдан-қолға тапсырумен ұсынылуы мүмкін. Осы тармақпен көзделген міндеттемені орындамаған (тиісті түрде орындамаған) Тарап осымен байланысты жағымсыз зардаптардың тәуекелін арқалайды.
10.3. Шартпен көзделмеген басқа жағдайлардың барлығында Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сүйенеді.



11. Орындаушының деректемелері

«JMart» ЖШС
Мекенжайы: 050059, Алматы қ.,
Медеу ауданы,
Әл-Фараби даңғылы, 36-үй
БСН 180340028645
ЖСК KZ83998CTB0001536668
«First Heartland Jusan Bank» АҚ
БСК TSESKZKA

Ақылы қызмет көрсету шартының

№ 1 қосымшасы


Ақша қаражатын қайтару тәртібі

1.Білім алушы Курстың ақысын төлеу сәтінен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде Курстан бас тартқан жағдайда, төлемақы кредиттік қаражаттарды қолданумен жүргізілген жағдайды санамағанда, Орындаушы Білім алушының төлеген сомасын төмендегідей мөлшерде айтарып береді:

Жеңілдігі есептелмеген курстың құны - 600 000 теңге


Жеңілдігі есептелген курстың құны - 260 000 теңге